АЛАТАУДА ЗАМАНАУИ «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АЛАТАУДА ЗАМАНАУИ «КЕЛЕШЕК» МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Алатау қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға есігін айқара ашқан №20 «Келешек» орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Заманауи талаптарға сай салынған жаңа білім ордасы оқушылардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және шығармашылық қабілеттерін шыңдауына мүмкіндік беретін барлық қажетті жағдайлармен жабдықталған.

Жаңа мектеп ақсақалдардың ақ батасымен ашылып, ізгі тілектермен жаңа оқу жылына қадам басты.

Іс-шара барысында Алатау қаласы әкімінің орынбасары Несіпбаева Гүлбану Сейткенқызы, Алатау қаласы мәслихатының төрағасы Абилова Роза Михаилқызы және Алатау қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция майоры Нұржан Кеңесханұлы оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен және жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

Қонақтар жаңа білім ордасы балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына және жарқын болашаққа нық қадам басуына үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жаңа мектеп – жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақтың бастауы!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1286807?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version