Бұл жай ғана мамандық емес, бұл — өмірлік миссия

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні қарсаңында осы жауапты саланың дамуына өзіндік үлесін қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан мамандардың өнегелі еңбек жолымен таныстыруды жалғастырамыз.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметке бар ғұмырын арнаған жанның бірі – Рой Галина Николаевна.

Галина Николаевна санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы еңбек жолын 1988 жылы Осакаровка кентіндегі Осакаров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында эпидемиолог дәрігер қызметінен бастады.

Бүгінде оның санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асады. Осы жылдар ішінде Галина Николаевна өзін кәсіби білімі мен мол тәжірибесін іс жүзінде тиімді қолдана білетін, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті маман ретінде таныта білді.

Еңбек жолы барысында ол алдына қойылған міндеттерді сапалы орындап, жұқпалы аурулар ошақтарында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қатысты. Әсіресе COVID-19 пандемиясы кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға елеулі үлес қосты. Сонымен қатар облыс және аудан тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізіп, ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласты.

Жоғары ұйымдастырушылық қабілеті, ұжым жұмысын тиімді ұйымдастыра білуі және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауының арқасында Осакаров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында кәсіби тұрғыдан қалыптасқан, ұйымшыл әрі кез келген күрделі міндетті шешуге қабілетті ұжым қалыптасты.

Өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі мен көп жылғы еңбегі үшін Галина Николаевна «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, аудан әкімінің және Департамент басшысының грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған. Құрметті Галина Николаевна!

Сізді Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Салаға сіңірген еңбегіңіз бен абыройлы қызметіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен береке, әр күніңізге қуаныш пен шаттық тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, әрдайым жақындарыңыздың құрметі мен ықыласына бөленіп жүре беріңіз!

Мерекеңіз құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1286797?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version