Достық ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Достық ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

5 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Достық ауылында жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына ауылдағы мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, өздеріне бекітілген көше аумақтарын қоқыстан тазартты. Сенбілік барысында көшелердің санитарлық жағдайын жақсартуға және елді мекен аумағын абаттандыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Іс-шараға 80 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 1,5 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай жұмыстар елді мекендердің тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындар арасында экологиялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1287151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version