«Кітап оқитын ұлт» — Республикалық кітап оқу марафонына тіркелу басталды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда алғаш рет өтетін ауқымды марафон еліміздің барлық өңірінен оқырмандарды біріктіреді.

Марафон: қыркүйек 2026 – сәуір 2027 Қатысуға 7 бағыт бойынша болады:
 «Кітап оқитын мектеп»
 «Кітап оқитын колледж»
 «Кітап оқитын университет»
 «Кітап оқитын педагог»
 «Кітап оқитын әулет»
 «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»
 «Кітап оқитын зиялы»

Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптың ішінен 15 кітап оқиды. Негізгі оқу кезеңі қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Қорытынды кезеңде тестілеу мен интеллектуалды квиздер өтеді.
 Жүлде қоры:
 600 000 ₸
 450 000 ₸
 300 000 ₸

Барлық финалистер дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.

 Қатысу ережелері мен кітаптар тізімі: www.reading-nation.kz

Кітап оқиық. Білімді, ойлайтын ұлт болайық! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-kauylzhyr/press/news/details/1287038?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version