Қазалы ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты қайтадан өткізу жөніндегі қосымша хабарламаны тиісті облыс шегіндегі аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында және орталық уәкілетті органдарының интернет ресурсында жарияланған.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №130 мекенжайында орналасқан «Қазалы ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 17 қыркүйек сағат 09-00 ден бастап 2026 жылдың 30 қыркүйек сағат 19-00 ге дейін қабылданады.
Конкурс өткізілетін орны Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесі №130 мекенжайындағы Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залы 2026 жылдың 01 қазан күні сағат 10-00 ден бастап өткізілетіндігін хабарлаймыз.
1) Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстын жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және рәсімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.
Байланыс телефоны: 8(72438) 79280, ішкі нөмір: 6971
Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шарушылығы өндірісін жүргізү үшін ауыл шаруа шылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі
|
№ |
Жер учаскесінің орналасқан орыны |
Жер учаскесінің көлемі, гектар |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Жер пайдалану құқығы |
Топырақтың сипаттамасы |
Судың болуы
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Ажар елді мекені |
250 жайылымы – 225 басқа алқап – 25 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
Сұр қоңыр |
Жоқ |
|
2 |
Қазалы ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, «Нұрман» учаскесі |
500 жайылымы – 480 басқа алқап – 20 |
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін |
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын 10 (он) жыл мерзімге |
Сұр қоңыр |
Жоқ |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-qyzylqym/press/news/details/1287057?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау