Қоғамдық қауіпсіздік – Маңғыстау облысы полицейлерінің жіті бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Қызмет барысында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан және әкімшілік қадағалауда тұрған тұлғалармен профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар олардың қоғамға бейімделуі, әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша кеңестер беріліп, психологиялық қолдау көрсетілді.

Отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасаған, «қорғау нұсқамасы», «қолайсыз отбасы» және «ерекше талаптар» бойынша профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді. Олармен құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу және заң талаптарын сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Сондай-ақ жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары бойынша кеңестер берілді.

Полиция қызметкерлері азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуға шақырады.

Сіздің қауіпсіздігіңіз – біздің басты міндетіміз!

https://www.instagram.com/reel/Dc5llVVsCcV/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1287018?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version