ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Өзбекстанның Қазақстандағы Елшілігімен зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Әбдіреева мен Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар зияткерлік меншік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Зияткерлік меншік құқықтарын кеден шекарасында қорғау мәселелеріне, оның ішінде құзыретті органдардың өзара іс-қимылына, контрафактілік өнімдердің тасымалдануын анықтау және жолын кесу тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар одан әрі ынтымақтастықтың басым бағыттарын, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау және сақтау саласындағы тәжірибе алмасуды, бірлескен іс-шаралар өткізуді және екі елдің бейінді ведомстволары арасында кәсіби байланыстарды дамытуды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және зияткерлік меншік саласындағы практикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1286818?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version