Сарыөзек гарнизонында 12740 әскери бөлімінің танк батальонының жауынгерлік атыстары өтті.
Жауынгерлік даярлық іс-шарасына 60-қа жуық әскери қызметші қатысып, 10-ға жуық әскери техника жұмылдырылды. Т-72 танктерінің экипаждары 1600, 1700 және 1800 метр қашықтықтағы пайда болатын және қозғалыстағы нысаналарға жүріп келе жатып және қысқа аялдамалардан оқ атты. Сонымен қатар танкистер танктің штаттық қару-жарағынан және ірі калибрлі пулеметтерден атыс жаттығуларын орындады.
– Жауынгерлік атыстар – бұл тек атыс дәлдігін ғана емес, сонымен қатар бүкіл экипаждың үйлесімділігін тексеру. Әскери қызметшілер қару-жарақты сенімді меңгергендерін, тез шешім қабылдап, біртұтас механизм ретінде әрекет ете алатындарын көрсетті, – деп атап өтті 12740 әскери бөлімінің командирі, полковник Жәнібек Құранбеков.
Негізгі жаттығуларды орындамас бұрын танкистер теориялық және практикалық даярлықтан өтті. Олар нормативтерді, қару-жарақты қолдану тәртібін, оқ-дәрілерді тиеуді, сондай-ақ техниканы жорықтық жағдайдан жауынгерлік жағдайға және кері тәртіпке келтіруді пысықтады.
Экипаж ішіндегі басқару мен байланысқа ерекше назар аударылды. Шешімді санаулы секундтар ішінде қабылдау қажет болған жағдайда, нәтиже командирдің, көздеушінің және механик-жүргізушінің үйлесімді жұмысына байланысты.
Жауынгерлік атыстар барысында 3-сыныпты сержант Райымбек Қалиахметов, аға сержант Ришат Семятов және 3-сыныпты сержант Санат Бутабаев ерекше көзге түсті.
Жауынгерлік атыстар танк бөлімшелерінің кәсіби дағдыларын тексеру және жетілдірудің кезекті кезеңі болды. Алынған тәжірибе әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейін одан әрі арттыруға пайдаланылатын болады.
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
Подполковник Абзал Сартаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/1287044?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау