Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес “Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері және табиғат пайдаланушы ШҚ “Сарықұм” қызметкерлерінің қатысуымен шабақ құтқару іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Шиелі ауданы Талаптан ауылдық округіне қарасты күріш алқаптарынан 17 мың дана шамасында шабақтар құтқарылып “Сарықұм” шаруа қожалығына қарасты балық асырайтын тоғанға жіберілді.
Іс шараға 4 адам, 2 техника қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat/press/news/details/1287074?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау