Шымкентте Қарашығанақ жобасы үшін жергілікті өндірісті дамыту перспективалары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте Қарашығанақ жобасы аясында жергілікті қамтуды дамытуға және отандық өндірушілердің мұнай-газ саласындағы жеткізу тізбектеріне қатысуын кеңейту перспективаларына арналған жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Энергетика министрлігінің, КПО, PSA, IMBC өкілдері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Шымкент қаласының бизнес-қоғамдастығы қатысты.

Жұмыс кездесуі барысында Қарашығанақ жобасының өкілдері жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарларын таныстырып, отандық тауар өндірушілермен қазақстандық өнім жеткізуді кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Қатысушылар Шымкенттегі бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарға, оның ішінде «Karlskrona LC AB», «Asia Trafo» және «Renaissance SHIK» ЖШС-ларына барды. Кездесу барысында кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктері мен шығаратын өнімдері таныстырылды.

Іс-шараның негізгі бөлігі отандық тауар өндірушілер өнімдерінің көрмесі және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел болды. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Каримов пен Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің Жобалық құжаттар басқармасының басшысы Бағлан Сембекова қатысты.

«Энергетика министрлігі үшін жергілікті қамтуды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Біздің міндетіміз – отандық өндірушілерден сатып алу үлесін арттыру ғана емес, қазақстандық бизнестің тұрақты дамуына, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ірі мұнай-газ жобаларының жеткізу тізбектеріне интеграциялануына жағдай жасау», – деді Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің Жобалық құжаттар басқармасының басшысы Бағлан Сембекова.

Мемлекеттік саясат аясында отандық өндірушілердің ірі мұнай-газ жобалары бойынша сатып алуларға қатысуын кеңейтуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, тендерлік рәсімдер жетілдіріліп, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қосымша тетіктері енгізілуде. Сондай-ақ жергілікті жеткізушілерді дамытудың бес жылдық бағдарламасы іске асырылуда.

Бұл ретте отандық өнімге тұрақты сұраныс қалыптастыруға, жергілікті өндірілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейтуге, қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін дамытуға және олардың ірі операторлардың талаптарына сәйкестігін арттыруға ерекше мән берілуде.

Кездесуде бұл бағытта ұзақ мерзімді келісімшарттар мен оффтейк-келісімшарттардың маңызы атап өтілді. Мұндай тетіктер отандық кәсіпорындарға болашақтағы сұранысты нақтырақ жоспарлауға, инвестиция салуға, өндірісті жаңғыртуға және өндірістік қуаттарды арттыруға мүмкіндік береді.

Жергілікті қамтуды дамыту жұмыстары Энергетика министрлігі, PSA, ірі операторлар, IMBC және жер қойнауын пайдаланушылардың тығыз өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылуда. Осы жұмыс аясында жобалардың қажеттіліктері талданып, сұранысқа ие тауар топтары мен өндірісті оқшаулаудың перспективалы бағыттары айқындалады.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет, жер қойнауын пайдаланушылар, операторлар мен отандық өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді. Мұндай тәсіл қазақстандық бизнестің мұнай-газ жобаларының сатып алуларына қатысуын кеңейтіп, ел ішінде ұзақ мерзімді өндірістік тізбектерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1286814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version