Түпқараған ауданында профилактикалық іс-шара өтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түпқараған ауданының аумағында 15–30 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқық бұзушылыққа бейім болуына жол бермеу, сондай-ақ түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген балаларды анықтау.

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде заңды өкілдерінің қарауынсыз жүру фактілерінің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар анықталған жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, олардың бос уақытын және жүрген жерін бақылауда ұстау қажеттігі түсіндіріледі.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларын түнгі уақытта қараусыз қалдырмауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Балаға деген қамқорлық пен бақылау – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды кепілі!

https://www.instagram.com/reel/Dc5qyMGi0GW/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1286999?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version