«Заң және тәртіп»: «Қарасора – 2026» ЖПІШ аясында көлік полицейлеріі 90-нан астам есірткі құқық бұзушылығын анықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көліктегі полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл және есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу бағытында тұрақты түрде кешенді шаралар қабылдап келеді.

Көліктегі ПД Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Фараби Елубаевтың айтуынша, «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында үш ай ішінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 95 құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде 18 есірткі өткізу фактісі, аса ірі көлемде сақтау бойынша 3 және 6 контрабанда бар.

Заңсыз айналымнан 240 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында есірткінің заңсыз айналымы бойынша 63 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың 7-уі шетел азаматтары. Анықталған барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Оның айтуынша, нәтижелі жұмыстың бір мысалы ретінде Жамбыл облысының тұрғынын ұстауды атап өтуге болады. Одан Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі өткізуге дайындалған 37 келіден астам марихуана тәркіленді. 

Көлік полицейлері еліміздің барлық аумағындағы көлік инфрақұрылымы нысандарында, оның ішінде әуежайларда, теміржол вокзалдарында және жолаушылар пойыздарында заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Қарасора – 2026» ЖПІШ-нің негізгі мақсаты – есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ тыйым салынған есірткі құралдарын тасымалдау мен өткізудің алдын алу.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1287080?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version