Жеңіспен үйге оралды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіспен үйге оралды! 

Бүгін Өскемен халықаралық әуежайында әріптестері VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып, елге оралған полиция капитаны Достан Ошабаевты қарсы алды.

Спортшыны құттықтау үшін ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов арнайы келді. Әріптестері Достанды жылы қарсы алып, оның өнеріне және Қазақстанды халықаралық аренада лайықты танытқанына мақтаныштарын білдірді.

Бұл жеңістің артында — бірнеше айлық тынымсыз жаттығу, командалық жұмыс, толқыныс пен үлкен жауапкершілік тұр. Ал бүгін — туған жерге оралудың қуанышы, жылы лебіздер мен спортшыны барлық кезеңде қолдаған әріптестерімен қауышу сәті.

Туған қаласына оралған Достан Ошабаев жарыстан алған әсерімен бөлісіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы ерекше атмосфера мен ұзақ уақыт бойы есте қалатын эмоциялары туралы айтып берді.

Қош келдің, чемпион! Бұл жеңіс жаңа спорттық белестерге бастар тағы бір қадам болсын!

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1286919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version