ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША РЕЙДТІК ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байғанин ауданында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Қарауылкелді, Көлтабан, Қопа және Ащы ауылдық округтерінде елді мекендердің ішкі көшелері мен автомобиль жолдары бойында қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларын анықтауға ерекше назар аударылуда.

Рейд барысында анықталған қараусыз малдар арнайы уақытша ұстау орындарына қамалып, оларды бірдейлендіру және иелерін анықтау шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдіктері, ветеринариялық қызмет және полиция қызметкерлері бірлесіп, тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Құрметті тұрғындар! Малдың қараусыз жүруі жол қозғалысына қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты мал иелерін жауапкершілік танытып, ауыл шаруашылығы жануарларын қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1286812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version