1 қазан – Қарттар күніне әлеуметтік көмекті кімдер алады ?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абжанов Амангельды және ауыл ақсақалдарының қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында аудан тұрғындарына Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №42/237 «Жаңаарқа ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес әлеуметтік көмек көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Атап айтқанда, жыл сайын 1 қазан – Қарттар күніне орай 70 жасқа толған және одан жоғары жастағы зейнеткерлерге көрсетіліп келген бір реттік әлеуметтік көмек, ендігі уақытта әлеуметтік көмек ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге көрсетілетін болады.

Кездесу барысында әлеуметтік көмек алуға қатысты өзгерістердің мәні мен оны алу тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, ардагерлер мен ақсақалдардың сауалдарына жауап берілді. Сондай-ақ, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді.

Жиынның негізгі мақсаты – аудан тұрғындарын әлеуметтік көмек көрсету саласындағы өзгерістерден хабардар ету, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-zhanaarka/press/news/details/1287695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version