2026 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары кездесу өткізді.

Кездесу барысында психолог маманы Лаззат Надиршина және теолог маманы Нұрсұлтан Даултаев деструктивті ағымдардың негізгі белгілері, жалған ақпараттың таралуы және оның адам санасына ықпалы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ «Деструктивті ақпараттық-психологиялық әсерді қалай тануға және оған қарсы тұруға болады?» тақырыбында дәріс оқылып, әлеуметтік желілердегі жалған және арандатушылық сипаттағы ақпараттарды ажырату, ақпаратқа сыни тұрғыдан қарау және сенімді дереккөздерді пайдалану жолдары айтылды.

Мамандар ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, деструктивті идеологияның алдын алу және сыни ойлау дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DczyiAxow-A/

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1287271?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version