2026 жылғы 2-6 қыркүйек аралығында Узуд қаласында (Азилал провинциясы) «Таулар, биіктіктер және бейбітшілік» тақырыбына арналған 4-ші Халықаралық тау кинофестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Фестивальға Мароккодан және Африка, Азия, Еуропа, Американың бірқатар елінен кинорежиссерлер, әртістер, зерттеушілер және кинокритиктер қатысты.

Ашылу салтанатына Мароккода аккредиттелген бірнеше шетелдік елшілер, жергілікті билік өкілдері, әлемнің түкпір-түкпірінен келген әртістер мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

Фестивальдің Президенті және «Мұра және тұрақты даму үшін тау дауысы» қорының директоры Бахиджа Симу өз сөзінде бұл мәдени іс-шара диалог пен шығармашылық кеңістігі, мәдениеттер мен халықтар арасындағы көпір ретінде дәлелдегенін атап өтті. Б.Симу айтуынша, таулар тек географиялық кеңістік қана емес, сонымен қатар төзімділік пен қадір-қасиеттің символы және әлеммен бөлісуге тұрарлық адами, мәдени және экологиялық тақырыптардың қайтар көзі.

Фестивальда Түркия, Италия, Того, Өзбекстан, Тунис, Швейцария, Германия және Марокко фильмдері көрсетілді. Фильмдерді мароккалық кинокритик Мохамед Нуреддин Афаи төрағалық еткен халықаралық қазылар алқасы бағалады, оның құрамында қазақ режиссеры Рүстем Әбдірашев, мысырлық актер Ахмед Вафик және ауған актрисасы Марина Голбахари бар.

Өз сөзінде Елші Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан ерекше және алуан түрлі табиғатымен белгілі, оның шексіз далалары мен асқақ таулары бар ел екенін атап өтті. Фестиваль 2023 жылы басталғаннан бері қазақ режиссерлер оның жұмысына белсенді қатысып келеді. Мысалы, Қазақстанның режиссеры Гүлнар Сәрсенованың «Нартай» фильмі бірінші орынның жеңімпазы болған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1287980?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version