📌 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 млн маман қажет, олардың 1,8 млн-ы жұмысшы мамандықтары. Бұндай жағдайларда кадрлар даярлау жүйесі экономиканың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, озыңқы негізде жұмыс істеуге тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев хабарлады.
Ол елімізде жұмыс күшінің саны 9,8 млн адамды құрайтынын, оның 9,4 миллионы жұмыспен қамтылғанын, осылайша жұмыспен қамту деңгейі 96% болып отырғанын атап өтті. Еңбек ресурстарының едәуір бөлігінің техникалық және кәсіптік білімі бар.
Сонымен қатар еңбек нарығында жұмысшы кадрларға тұрақты сұраныс байқалуда: Электрондық еңбек биржасына орналастырылған бос жұмыс орындарының жартысынан астамы – жұмысшы кәсіптер. Сондықтан да негізгі міндет сұранысты қалыптастыру емес, кадрлар даярлаудың экономиканың ағымдағы және перспективалық қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз ету болуы керек.
Болжам бойынша, 2035 жылға дейін ең жоғары сұраныс өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және IT саласында қалыптасады.
Осыған байланысты, ең сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі 51-ден 174 кәсіпке дейін кеңейді, бұлар – инженерия, құрылыс, өндеуші өнеркәсіп, биотехнология, жасыл энергетика, ядерлық энергетика салалары.
Министр сонымен бірге технологиялар мен жасанды интеллект еңбек нарығын жедел өзгертуде екенін айтты. Мәселен, кейбір кәсіптер жойылады, кәсіптердің басым бөлігі трансформацияланады және қызметтің мүлде жаңа бағыттары пайда болады.
Мұндай жағдайда кадрларды даярлау жүйесі қазіргі заманғы экономиканың сұраныстарына сәйкес келетіндей болашағы зор мамандықтарды алдын ала анықтап, біліктіліктер мен білім беру бағдарламаларын уақтылы жаңарту қажет.
📱 @KZgovernment
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1287593?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау