Адам папиллома вирусының алдын алу және вакцинация

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам папиллома вирусы (АПВ) — жыныстық жолмен жұғатын кең таралған вирустардың бірі. Бұл вирус жатыр мойны қатерлі ісігінің, жыныс мүшелерінің және жұтқыншақ қатерлі ісігінің негізгі себепшісі болып табылады. АПВ көбінесе жыныстық қатынас арқылы таралады. Сирек жағдайда, вирус тері мен шырышты қабаттардың тығыз байланысы арқылы да жұғуы мүмкін. АПВ-ның алдын алудың жолдары: Жыныстық өмірді кеш бастау және сенімді серіктестермен қатынаста болу. Жеке бас гигиенасын сақтау. Дұрыс және теңгерімді тамақтану, иммунитетті нығайту. Уақтылы тексеруден өтіп тұру (гинекологиялық тексеру, ПАП-тест және т.б.). АПВ-қа қарсы вакцинация. АПВ-ның ең тиімді алдын алу жолы — вакцина салдыру. Вакцина 11 жастағы қыздарға және 14- тан 17жас 11 ай 29 күнге дейін ұсынылады. Екпе вирустың ең қауіпті түрлерінен қорғайды және жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуын едәуір төмендетеді. Вакцина қауіпсіз бе? Иә, АПВ-ға қарсы вакциналар көптеген елдерде қолданылып келеді және олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі ғылыми дәлелденген. Қорытынды: АПВ-дан қорғанудың ең сенімді жолы — алдын алу шараларын сақтау және вакцина салдыру. Өзіңіз бен болашақ ұрпағыңыздың денсаулығының қорғаныз

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1287276?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version