Әлеуметтік қолдау деңгейі тек отбасы құрамына қарай анықталмайды
Екі отбасының құрамы мен бала саны бірдейболғанымен, олардың өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқатдеңгейі айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Мысалыға екі отбасын алайық: әр отбасында екіересек адам және төрт бала бар. Сырттай қарағанда, олардың отбасы құрамы бірдей. Алайда отбасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау кезінде оның құрамы мен бала санынан бөлек, тұрғын үй жағдайы, жұмыспен қамтылуы, табысы, мүлкі және басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ескеріледі. Дидардың отбасы өз қажеттіліктерін өз бетіншеқамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақты жағдайға ие. Отбасының жеке баспанасы, тұрақты жұмысы, қосымшаактивтері немесе жеке кәсібі болуы мүмкін. Көрсеткіштердің жиынтығы бойынша мұндай жағдай «А» санатына сәйкес келуі және әлеуметтік қолдауғақажеттілік деңгейінің төмен екенін көрсетуі мүмкін. Ерланның отбасы да екі ересек адамнан және төртбаладан тұрады. Алайда оның әлеуметтік-экономикалықжағдайы өзгеше: отбасы шағын пәтерде тұрады, ересекмүшелері жалдамалы жұмыс істейді, отбасының мүлкімен қаржылық ресурстары шектеулі. Жағдайды кешендібағалау нәтижесінде мұндай көрсеткіштер «С» санатынасәйкес келуі және әлеуметтік қолдауға қажеттіліктіңжоғарырақ екенін көрсетуі мүмкін. Осылайша, отбасы мүшелерінің саны мен отбасы құрамы оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын толық сипаттайтын жалғыз көрсеткіш болып табылмайды. Кешенді тәсіл отбасының өмір сүру жағдайынобъективті көрсеткіштердің жиынтығы негізіндебағалауға және оның әлеуметтік қолдауға деген қажеттілікдеңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Отбасының санаты қалай қалыптастырылады, қандай көрсеткіштер ескеріледі және мұндай тәсіл не үшін маңызды – толығырақ видеоматериалдан көріңіздер:
https://www.instagram.com/p/Dc0HxbTDr71/?img_index=1
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1287300?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау