“Алтын алқа” алқаларымен көп балалы ана марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін 2026 жылдың 08 қыркүйегінде Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары Жазира Несіпбаева көпбалалы анаға Алтын алқа алқа тапсырды, осылайша көпбалалы аналардың қатары тағы бір анаға толықты. Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі өте маңызды. Отбасының ұйытқысы, қамқоршысы әйел. Бүгінде мемлекет тарапынан отбасы және отбасылық құндылықтар институтын сақтау үшін елеулі қолдау көрсетілуде. Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт пен амандық тілеймін, деді әкімнің орынбасары Ж. Несіпбаева. Алтын алқа белгісінің иегері 7 бала тәрбиелеп отырған округ тұрғыны Динара Шоранова болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-kogaly/press/news/details/1287372?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version