АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу барысы қаралды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әсет Тілемісовтің мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында «1-Кепілдік қоры» бағдарламасы аясында 102 жобаға 19,1 млрд теңге кредит беріліп, 9,6 млрд теңге көлемінде кепілдік ұсынылды. Сонымен қатар, «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша 47 жобаға 2,7 млрд теңге, «Өрлеу» бағдарламасы аясында 15 жобаға 3,9 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету және сүйемелдеу жұмыстары да күшейтілуде. «Бәйтерек» бірыңғай фронт-офисі арқылы 1 мыңнан астам кәсіпкерге консультациялық көмек көрсетілді. «Арманнан іске» пилоттық бағдарламасы іске қосылып, қыркүйек айынан бастап Кәсіпкерлікті қолдау және сүйемелдеу орталығы жұмысын бастады. Жыл басынан бері жалпы құны 68,3 млрд теңгені құрайтын 915 жобаға мониторинг жүргізілді. Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты мемлекеттік органдарға кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және оларға жүйелі қолдау көрсету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kasipkerlik/press/news/details/1287512?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version