«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастардың инновациялық идеяларын қолдауға бағытталған «Atyrau Youth Hackathon 2026» инновациялық жобалар конкурсы өтіп, үздіктер анықталды.
Хакатонға 53 қатысушыдан құралған 13 команда қатысып, белгіленген бағыттар бойынша өз жобаларын әзірлеп, қорғады.
Іс-шара барысында қатысушыларға жобаларды әзірлеу мен дамытуға бағытталған практикалық қолдау көрсетілді. Киберқауіпсіздік және IT-жобаларды дамыту тақырыптарында арнайы мастер-кластар өткізіліп, спикерлер Дәурен Мұханбеталиев пен Даниэль Хасанов өз тәжірибелерімен бөлісті.
Хакатон қорытындысы бойынша І орын, 700 000 теңгені «Цифрлық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықты алдын алу» бағыты бойынша «Атряд» командасы иеленді. «Қауіпсіз қоғам: Буллингсіз орта» бойынша «Pentacore» командасы ІІ орын мен 500 000 теңгені, «Құқықтық мәдениет және заңға бағынатын қоғам» бағытында «Rabbits» командасы ІІІ орын, 300 000 теңгені қанжығалады.
Atyrau Youth Hackathon – жастардың технологиялық әлеуетін арттырып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерге заманауи шешімдер ұсынуына мүмкіндік беретін алаң.
Жоба Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен, «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1287329?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау