Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады
Бүгін Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, инфрақұрылым, жер қатынастары және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын жеткізді.
Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият қарап, көтерілген мәселелердің шешілу мүмкіндіктерін түсіндірді. Жауапты бөлім басшыларына заңнама талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіп, өтініштерді бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен мәселелерін жедел қараудың маңызды тетіктерінің бірі. Мұндай қабылдаулар белгіленген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1287591?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау