https://www.instagram.com/reel/DdA6wMzBkVe/?stkn=d3NnNGxvcjloa25o
Бүгін аудан әкімі Д.Тоғызбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, бюджет кірісін ұлғайту, салық түсімдерін арттыру, медициналық қызмет сапасы және әлеуметтік осал топтармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы талқыланды.
Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау, отбасылық қолайсыздықтардың алдын алу және әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.
Жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады. Қорытындысында тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері нақтыланды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы басты талап екенін атап өтіп, олардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1287399?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау