БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №59 жалпы білім беретін орта мектепте орнатылған SOS дабыл батырмасының жұмысын тексерді.

Тексеру барысында төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрекет етуге арналған құрылғының техникалық жарамдылығы, дабыл сигналының тиісті қызметке уақтылы жетуі және жүйенің жұмыс істеу тәртібі бақылаудан өткізілді.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді. Сабақ барысында балаларға жолдан дұрыс өту, бағдаршам белгілеріне бағыну, жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, жол бойында абай болу және көлік қозғалысы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді.

Оқушыларға жолға кенеттен жүгіріп шықпау, жолдан өтер алдында екі бағытқа мұқият қарау, сондай-ақ қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану қажеттігі ескертілді.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері полиция подполковнигі Қалдыбеков Арман Төреханұлы және полиция аға лейтенанты Ақниет Алмасбекқызы қатысты.

Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, төтенше жағдайларға жедел ден қою тетіктерінің дайындығын тексеру және балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1287303?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version