Біржан сал ауданы ауылдарының тұрғындарымен прокурордың ашық диалогы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Құлышев халықпен ашық диалогты нығайту аясында Үлгі, Қызылұйым және Жөкей ауылдарының тұрғындарымен көшпелі кездесуді өткізді.

Кездесу барысында заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Тұрғындарға интернет-алаяқтықтың, мал ұрлаудың, сондай-ақ ауылдық жерлерге тән өзге де құқық бұзушылықтарды алдын алу шаралары түсіндірілді.

Азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатына, «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» тұжырымдамаларының құндылықтарына ерекше назар аударылды.

Ашық диалог барысында тұрғындар елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Мұндай кездесулер халықпен кері байланысты нығайтуға, проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1287824?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version