ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА ПӘНДЕРІ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ақсуат ауданында «Жаңа халықтық Конституция нормалары мен құндылықтары: адам капиталын дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында аудандық тамыз кеңесі аясында информатика және физика пәндері педагогтеріне арналған секциялық отырыс өткізілді.
Секциялық отырысқа Ақсуат ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының информатика және физика пәндері мұғалімдері қатысты.
Жиын барысында Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдіскері педагогтерді 2026–2027 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып, жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері мен басым бағыттарын түсіндірді. Сонымен қатар пәндерді оқытудағы өзгерістер, білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру мәселелеріне тоқталды.
Іс-шара аясында 4 педагог мазмұнды баяндама жасап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Баяндамаларда информатика және физика сабақтарында заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылды.
Секция барысында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, пәндерді оқытуда кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ білім алушылардың оқу жетістіктерін арттыру, сабақтың тиімділігін жетілдіру және инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу бойынша пікір алмасты.
Секциялық отырыс педагогтердің кәсіби тәжірибесін толықтыруға, білім беру саласындағы жаңа өзгерістермен танысуына және жаңа оқу жылына арналған нақты міндеттерді айқындауына мүмкіндік берді.
Жаңа оқу жылы барша педагогтерге толағай табыс, шығармашылық жетістіктер мен жемісті нәтижелер әкелсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1287640?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау