Елорда полицейлері Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп, қаладағы ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында есірткі құралдарына жатпайтын күшті әсер ететін заттарды, оның ішінде «күлкі газы» деп аталатын азот тотығын заңсыз сатуға жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындарын тексеріп, әкімшілік өкілдерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, заң талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ мекеме өкілдеріне күшті әсер ететін заттарды заңсыз сатқаны үшін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ақпарат жеткізілді.
Профилактикалық жұмыс аясында ойын-сауық орындарының әкімшілігіне құқықтық салдарлар түсіндірілген және осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі ұсынымдар қамтылған ақпараттық буклеттер табысталды.
Рейдтік іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, кәсіпкерлік нысандары өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және азот тотығының таралуына жол бермеуге бағытталған.
Полиция ескертеді: азот тотығын өткізуге заңмен тыйым салынған және бұл әрекет заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Сонымен қатар оны пайдалану да зиянсыз ермек емес және денсаулыққа ауыр зардаптар келтіруі мүмкін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1287658?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау