Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыстың денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, медициналық ұйымдар басшыларының орынбасарлары, мониторинг топтарының басшылары, госпитальдық эпидемиологтар, департаменттің аумақтық басқармаларының мамандары үшін инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері бойынша онлайн-форматта облыстық семинар өткізді.
Семинарда медициналық көмек көрсетуге байланысты жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері қаралды, оның ішінде медициналық ұйымдарда өзін-өзі бақылау мәселелері, персоналдың медициналық тексеруден өтуі мәселелері көрініс тапты.
Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, вакциналау және туберкулездің алдын алу, ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымына дайындығы бойынша эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру, «Эпидемиолог» жаңғыртылған цифрлық жүйесінің «Шұғыл хабарлама» модулін пайдалану, нысандардағы медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау мәселелері туралы ақпарат берілді.
Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс эпидемиологы инъекциялар мен басқа да инфузиялық процедуралардың қауіпсіз практикасы туралы ақпарат берді, «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК бактериологиялық зертханасының меңгерушісі микробиологиялық зерттеулер жүргізу кезінде биоматериалды алу ережелері туралы айтып берді.
Медицина қызметкерлерін оқыту жұмыстары жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1287120?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау