ОРАЛДА «ТІЛ – ТҰТАСТЫҚ ТУЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ОРАЛДА «ТІЛ – ТҰТАСТЫҚ ТУЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

«Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өтті.

Мерекелік шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихаттың бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Ербол Салықов, көршілес елдерде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері, зиялы қауым, тіл жанашырлары, тарихшы ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар қатысты.

Аймақ басшысы қатысушыларды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтап, ана тілімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, оны сақтау және дамыту – баршаға ортақ маңызды міндет екенін атап өтті.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысы халқының саны 700 мыңға жуықтап, оның 21,1 пайызын түрлі ұлт өкілдері құрайды. Өңірде мемлекеттік тілді оқыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Мектеп оқушыларының 70 пайызы, ал биыл 1-сыныпқа қабылданған бүлдіршіндердің 78 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда. 2026 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 98 пайызды құрады.

Тағылымды шара барысында өңірде тіл саясатын дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгілері, Құрмет грамоталары, сондай-ақ ведомство басшысы мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1287418?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version