Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Алиев облыстық «ERTIS» телеарнасының «1 студия» бағдарламасына қатысты.
Телехабар 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі күніне арналады.
Бағдарлама барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі бағыттары мен атқаратын жұмыстары, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Сонымен қатар пандемия кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің атқарған жұмыстары, инфекцияның таралуын болдырмау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізілген шаралар туралы сөз болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1287429?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау