Қалалық мәслихат төрағасы Нияз Макраев өзінің сайлау округіндегі білім беру нысандары- №17 жалпы орта білім беретін мектеп пен №7 сәбилер бақшасына барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№17 мектепте ол жаз айларында асханада жүргізілген жөндеу жұмыстарымен танысты. Білім беру мекемесінің басшылығымен бірге оқу аймақтарын жаңартудың қазіргі нәтижелері және оқу үдерісін одан әрі жетілдіру үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды.

№7 сәбилер бақшасында мәслихат төрағасы мекеме меңгерушісі Б. Афиновамен кездесті. Кездесу барысында жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу және ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу жоспарлары талқыланды. Нияз Макраев қажетті құжаттарды сапалы әрі уақтылы әзірлеу қаржыландыру мәселесін жедел шешуге және балабақшаны жаңғырту жұмыстарын уақытылы бастауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер мен белгіленген жоспарлар бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1287861?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version