Қарағандыда Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабына арналған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

4 қыркүйек күні Қарағанды қаласында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесуде кітапта көтерілген негізгі ойлар, қоғам дамуының өзекті мәселелері, әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік, қоғамдық құндылықтар және елдің болашағы туралы пікірлер ортаға салынды.

Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлы, ақын, Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы және «Ұлағат» оқырман клубының өкілі қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар кітап мазмұнына қатысты өз ойларын білдіріп, қоғамдағы маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты. Кездесу жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттырумен қатар, ашық пікір алмасу мен диалог мәдениетін дамытуға бағытталды.

Кездесу аясында Жастар кітапханасының ашылу рәсімі де өтті. Жаңа кеңістік жастардың кітап оқуы, білім алуы, пікір алмасуы және мазмұнды кездесулер өткізуіне арналған заманауи алаң ретінде өз жұмысын бастады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1287134?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version