Қарашыған ауылдық округінің М.Төлебаев ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Жаңа бекет ауыл аумағында орын алуы мүмкін өрт оқиғаларына жедел әрекет етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру бекеті ауыл тұрғындары үшін қажетті әрі маңызды нысандардың бірі болып, елді мекендегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1287481?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау