ҚАРАСПАНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ САЛЫНУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📍Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауыл округінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде.
📍Аудан әкімі Азат Оралбаев нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Аралауда Ордабасы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жомарт Қоспанов, ауыл округінің әкімі, аудан әкімінің орынбасары мен тиісті бөлім басшысы мердігер қатысты.
📍Қазіргі таңда ғимараттың ішкі-сыртқы әрлеу, әктеу және сырлау жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың қазан айына дейін аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.
📍Бекет іске қосылғаннан кейін бір өрт сөндіру автокөлігі беріліп, 6 қызметкер бекітіледі. Бұл ауылдағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
📍Жаңа нысанның басты артықшылығы – өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде арнайы қызметтердің аудан орталығынан келуін күтпей, оқиға орнына жақын жерден алғашқы әрекеттерді ұйымдастыруға жағдай жасалуы. Осы арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын азайту көзделіп отыр.
📍Аудан басшысы құрылыс сапасына жауапты мамандар мен мердігерге құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай жүргізіп, нысанды жоспарланған мерзімде сапалы аяқтауды тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызмет

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1287990?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version