Қарттар күніне арналған әлеуметтік көмек

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 22 шілдедегі «Павлодар облысы және қалалары мен аудандарының жергілікті өкілді органдарына алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін келісу туралы» № 200/1 қаулысына сәйкес                   1 қазан – Қарттар күніне арналған біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған:

– зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын азаматтарға – 3 АЕК (12 975 теңге);

– зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға  – 4 АЕК (17 300 теңге).

Анықтама үшін: 2026 жылы Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгені құрайды.

Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-де 1-қабаттағы, № 106 (телефон: 74-01-20, 74-00-81) кабинеттен  алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/1287988?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version