Қазақстан мен Жапония энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Кенджи Ямадамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы энергетика және экономика салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелерін талқылады.

Мұнай-газ саласындағы өзара іс-қимылға, оның ішінде мұнай өңдеу инфрақұрылымын дамыту, инвестициялар тарту және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ерлан Ақкенжанов Қазақстанның елеулі технологиялық және инвестициялық әлеуетке ие жапондық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан айтарлықтай ресурстық базаға, тиімді географиялық орналасуға ие және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жағдайлар қалыптастыруда.

Келіссөздер барысында жаңартылатын энергия көздері және төмен көміртекті даму салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға да ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан жапондық компанияларды жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруға одан әрі тартуға, сондай-ақ екіжақты климаттық және технологиялық бастамалар шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

Тараптар электр энергетикасын дамыту, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және Қазақстан мен Жапония арасындағы энергетика саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1287946?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version