Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 326 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салынғанын хабарлайды.
Мерзімі: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Көлік түрі: үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен көліктің барлық түрлеріне қолданылады.
СЭҚ ТН коды: 0808 10.
Шектеуге кірмейтін жағдайлар:
•Қазақстан арқылы өтетін транзиттік тасымалдар;
•Бұйрық күшіне енгенге дейін экспортқа рәсімделген/жолға шыққан тауарлар (құжаттары болған кезде);
•Бұйрық күшіне енгенге дейін елге кіргізілген алма партиялары.
СЭҚ қатысушылары мен тасымалдаушылардан бағыттар мен жеткізілімдерді жоспарлау кезінде осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1287522?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау