Бүгінде Ұлттық сараптама орталығы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын кең филиалдық желісі бар бірыңғай зертханалық жүйе болып табылады.
Оның құрылымында санитариялық-гигиеналық, радиологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық зертханалар, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар зертханалары жұмыс істейді.
Қызметтің қазіргі заманғы тарихында COVID-19 пандемиясы кезеңінің орны ерекше. Бұл кезеңде зертханалық желі диагностикалық зерттеулердің елеулі көлемін қамтамасыз етіп, инфекцияны жедел анықтауға және эпидемиологиялық қадағалау үшін зерттеу нәтижелерін ұсынуға мүмкіндік берді.
Пандемия зертханалық қызметтің стратегиялық маңызын және оның кадрлық, техникалық әрі технологиялық әлеуетін үнемі нығайтып отыру қажеттігін айқын көрсетті.
Бүгінде дамудың негізгі бағыттарының бірі – цифрландыру.
Сыртқы және ішкі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған Бірыңғай бағдарламалық қамтамасыз ету кешені пайдалануға енгізілді. Ол деректермен автоматтандырылған алмасуды қамтамасыз етіп, ақпаратты қолмен өңдеу көлемін азайтады.
Қазақстанның зертханалық қызметі ғасырдан астам уақыт ішінде алғашқы химиялық-бактериологиялық зертханалардан бастап заманауи ұлттық зертханалық-сараптамалық жүйеге дейінгі ұзақ даму жолынан өтті.
Оның бүгінгі таңдағы дамуы да халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, инфекциялық ауруларды уақтылы диагностикалау, биологиялық қауіп-қатерлердің алдын алу және зертханалық зерттеулердің заманауи әдістерін енгізу сияқты басты міндеттермен тығыз байланысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1287532?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау