Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылыс саласында өндірістік жарақаттың алдын алу жұмыстарын күшейтіп жатыр. Негізгі мақсат жазатайым оқиғаларға жол бермеу, еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын дер кезінде анықтау және жұмысшылардың қауіпсіздігіне құрылыс компаниялары мен бас мердігерлердің жауапкершілігін арттыру. Елордада мемлекеттік еңбек инспекторлары құрылыс нысандарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауға алды. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және Кәсіподақтар орталығы бірлесіп құрылыс алаңдарында тұрақты түрде көшпелі мониторинг пен профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Өндірістік жарақат қаупі жоғары нысандар мен жұмыстарға ерекше назар аударылмақ. Бұзушылықтардың алдын алу үшін министрлік Астанадағы құрылыс компанияларына еңбек қауіпсіздігіне ішкі бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар да жолдады. Бұл жұмыс құрылыс саласындағы шамамен 20 мың субъекті қамтиды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1287962?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау