Шаңғы жарысынан Азия кубогында шығысқазақстандық спортшы жүлдеге ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 25–26 тамыз аралығында Ақтөбе қаласында шаңғы жарысынан Азия кубогы өтті.

Халықаралық деңгейдегі жарысқа еліміздің әр өңірінен келген мықты спортшылар қатысып, шаңғы жарысының түрлі бағдарламалары бойынша өзара бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Риддер қаласы ОРОММИК» КММ-нің тәрбиеленушісі Алеся Бочкарёва 200 метр қашықтыққа спринт жарысында қола жүлдеге ие болды.

Бұл нәтиже жас спортшының жоғары дайындығы мен жарыс жолындағы табандылығының айқын көрсеткіші.

Шығыс Қазақстан облысының спорт қауымдастығы атынан Алесяны және оның жаттықтырушыларын жүлделі орынмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1287912?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version