- Базалық зейнетақы қалай есептеледі?
Жауап:
Базалық зейнетақы – зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет тарапынан ай сайын төленетін кепілдендірілген төлем.
- Базалық зейнетақы мөлшері қандай?
Жауап:
Базалық зейнетақы мөлшері азаматтың еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.
Қазіргі уақытта ең төменгі мөлшері – күнкөріс деңгейінің 70%-ы, ең жоғары мөлшері – 118%.
- Міндетті зейнетақы жарналары уақытылы аударылмаған жағдайда қандай құжат қажет?
Жауап:
Егер жарна аударылған кезеңдер еңбек өтілін растайтын құжаттардағы еңбек қызметі кезеңдеріне сәйкес келсе, жұмыс берушіден (құқықтық мирасқордан) немесе архивтік мекемеден міндетті зейнетақы жарналарының аударылғаны туралы анықтама ұсынылады.
- Міндетті зейнетақы жарналарының кезеңдері қалай расталады?
Жауап:
Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1287642?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау