Полиция қызметкерлері мен “Охотзоопром” инспекторларының бірлескен рейді барысында браконьерлікпен айналысты деген күдікпен төрт адам құрықталды. Заңсыз аң аулау фактісі “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықталды. Полиция қызметкерлері Ұлытау ауданының Мибұлақ ауылдық округі аумағында екі автокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде көліктерден алдын ала мәлімет бойынша киіктерге тиесілі болуы мүмкін 23 жануардың ұшасы, 21 басы және 46 мүйізі табылған. Сонымен қатар екі тегіс ұңғылы атыс қаруы, 12 калибрлі патрондар, екі пышақ, екі ара және радиостанция тәркіленді. Екі автокөлік те арнайы тұраққа қойылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктілердің заңсыз әрекетіне құқықтық баға береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1287122?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау