Жаңаөзенде Алмас Темиралиев атындағы «Сақшы» сыныбы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаөзен қаласында ішкі істер органдарында 35 жылдан астам абыройлы қызмет атқарған полиция подполковнигі, сала ардагері Алмас Сапаұлы Темиралиевтің есімімен «Сақшы» сыныбы ашылды.

Алмас Сапаұлы 1961 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын милиционер қызметінен бастап, Жаңаөзен қалалық ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімінің бастығына дейін көтерілді. Ол ұзақ жылдар бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып, кәсіби білімі мен қызметтік міндетіне адалдығының арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.

Салтанатты шараға қала әкімі, полиция саласының ардагерлері, полиция басқармасының басшылық құрамы мен жеке құрамы, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Жиын барысында Алмас Сапаұлының өмір жолы мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегі кеңінен айтылып, оның кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегесі дәріптелді.

Шара барысында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері арнайы көрсетілім ұйымдастырып, жауынгерлік даярлықтары мен кәсіби шеберліктерін танытты.

Ал 7-сыныптың 23 оқушысы «Сақшы» сыныбының алғашқы тәрбиеленушілері атанып, полиция қызметінің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алды.

«Сақшы» сыныбының басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметке қызығушылығын арттыру.

Сынып тәрбиеленушілері полиция қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысын зерделеп, түрлі профилактикалық және танымдық іс-шараларға қатысатын болады.

Мұндай бастамалар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, тәртіптілік пен Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DdBZiVYNATj/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1287660?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version