«Жастар жемқорлыққа қарсы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құлынжон ауылының кітапханасында жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндіру, адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын насихаттау.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Жастардың жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру – әділетті әрі адал қоғам құрудың маңызды қадамы.

#ЖастарЖемқорлыққаҚарсы #СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ #Адалдық #ЗаңМенТәртіп #ҚұлынжонАуылдықОкругі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-kulynzhon/press/news/details/1287376?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version