Алматыда балалар жинаған 50 мың қақпақтан «Таза Қазақстан» стеласы орнатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда қайта өңделген 50 мың пластик қақпақтан жасалған бірегей «Таза Қазақстан» стеласы ашылды. Қақпақтарды қала мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері «Мейірімді қақпақша» жобасы аясында жинаған.

Стеланы ECO Network командасы Марков көшесі, 44 мекенжайындағы және Satbayev University базасындағы Эко-хабтарда жасады. Екі ай бойы жүздеген ерікті жиналған қақпақтарды сұрыптап, іріктеді. Кейін пластик қайта өңделіп, стела жасауға пайдаланылды.

«Мейірімді қақпақша» жобасы Алматыда 2024 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде қала тұрғындары 1 миллионнан астам пластик қақпақ жинаған. Қайта өңделген материалдан бұған дейін Панфилов көшесінде орнатылған биіктігі екі метрлік жаңа жылдық шырша және Арбаттағы орындықтар жасалды. Ал 2026 жылы қалада қайта өңделген пластиктен жасалған 11 орындықтан тұратын аллея пайда болды.

Қыркүйек айында жоба одан әрі дамиды. Алматы әкімдігі ECO Network-пен бірлесіп, Eco Almaty қолдауымен Бостандық ауданындағы балабақшалар, мектептер мен колледждерді қамтитын пилоттық экологиялық жобаны іске қосады. Жобаға қатысушылар econetwork.me платформасы арқылы экологиялық акцияларға, қалдықтарды бөлек жинауға және еріктілік бастамаларға қатысқанын тіркей алады.

Жобаның негізгі мақсаты – қалдықтарды қайта пайдаланудың мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсету және балалар мен олардың отбасыларын экологиялық әдеттерді қалыптастыруға тарту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1288365?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version