Ақмола полицейлері кенді заңсыз өңдейтін екі шағын цехты жойды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола полицейлері алтын кендерін заңсыз өңдеу бойынша екі шағын цехты анықтап, жойды. Заводская және Ақсу кенттерінде заңсыз өндіріс ұйымдастырылды.
Қымбат металдардың заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында полиция қызметкерлері заңсыз өндірісті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтады.
Тергеу іс-шаралары шеңберінде үй-жайлардан арнайы жабдық пен құрамында алтын бар материал тәркіленді.
Ауыл тұрғындары кенді өңдеуге арналған арнайы үй-жайларды жабдықтап, заңсыз өндірісті өз бетінше ұйымдастырғаны алдын ала анықталды.
Екі факті бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1288660?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version