Арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде
Мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен Шу ауданында орналасқан «SHENGTAI BIOTECH CO., Ltd» ЖШС-де 2026 жылғы 31 тамызда орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептері анықталуда, оқиға болған жұмыс орнына зерделеу жүргізіліп, тиісті құжаттар қарастырылуда.
Сонымен қатар, кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілуі, жұмыс беруші мен жауапты тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі жөніндегі міндеттерін орындауы зерделенуде.
Тергеп-тексеру барысында оқиғаның орын алуына әсер еткен факторлар жан-жақты қаралып, куәгерлерден түсініктемелер алынуда және қажетті материалдар жинақталуда.
Арнайы тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жазатайым оқиғаның себептері анықталып, оған тиісті құқықтық баға беріліп, белгіленген тәртіппен тиісті шешім қабылданатын болады.
Еңбек қауіпсіздігі – әрбір жұмыс беруші мен қызметкердің ортақ жауапкершілігі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1288174?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау