Қырғызстанда 60-тан астам елдің спортшылары бас қосқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары да ел намысын қорғады.
Солардың қатарында дәстүрлі садақ атудан сынға түскен Аяш Қабдоллаева екі бағдарлама бойынша өнер көрсетті. Спортшы 60 метр қашықтықта «Пута» нысанасына және 40 метр қашықтықта «Орта Азия» нысанасына садақ атты.
Жарыс қорытындысы бойынша Аяш Қабдоллаева 60 метр қашықтықтағы «Пута» нысанасы бойынша 1-орын иеленіп, алтын медальға қол жеткізді. Ал 40 метр қашықтықтағы «Орта Азия» нысанасы бойынша 6-орын алды.
Спортшының жарысқа дайындығын жаттықтырушы Ажар Төлеуқанова жүргізді.
Аяш Қабдоллаеваның жеңісі – Шығыс Қазақстан облысы үшін маңызды спорттық нәтиже. Оның халықаралық деңгейдегі табысы қазақтың дәстүрлі спорт түрлерінің дамуына және ұлттық спортты әлемдік аренада насихаттауға қосылған маңызды үлес болды.
Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы дәстүрлі садақ ату жарыстары 2–4 қыркүйек аралығында өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1287929?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау